Түркістан облысында 11 млн теңгенің малын сатып жіберген бақташы ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Ордабасы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 221 бас қой мен 3 бас сиырдың жоғалғанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың тамыз айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда 3 айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркелді.   

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бақташыны, яғни бұрын сотты болған Ордабасы ауданының тұрғынын құрықтады. 

Анықталғандай, күдікті ер адам малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты, деп жазады Polisia.kz. 

Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды