Алматыда алаяқтық қылмысының екі дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Бірінші жағдайда күдікті курьер болып жұмыс істеймін деген желеумен танысынан мопедін жалға беруін сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда екі доңғалақты көлікті алған бойда оны бірден 125 мың теңгеге сатып жіберген, деп жазады Polisia.kz.  


Қылмыстық эпизодтар мұнымен біткен жоқ: бірнеше күннен кейін күдікті тесттен өту үшін басқа танысынан телефонын бере тұруын сұраған, бірақ ол алған телефонын жеке пайдалану үшін өзіне қалдырған. Екі қылмысты жасағаннан кейін күдікті байланысқа шықпады. Қазір ол ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды