Қазақстандықтарға оң рульді көліктерді заңдастыруға мүмкіндік беріледі

Сурет: pixabay
Қазақстандықтар оң рульі бар шетелдік көліктерді бір рет заңдастыратын болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тиісті мәселені Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров көтерді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда оң рульді көліктердің жүруіне заңнамалық тыйым салынған. Сонымен қатар, кейбір азаматтар оң рульді шетелдік нөмірлі көліктерді әкеліп, қазір тіркей алмай жатыр.

Бұл ретте ол Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасына сай, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген және мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді заңға сәйкес бір реттік заңдастыру міндетін қойғанын еске салды.

"Бүгінгі күні мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты біз көлік құралдарын біржолғы тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Қазір мұндай көліктердің саны 20 мыңға жуық". ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

Бұған дейін ІІМ көлікті бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейтінін айтқан.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды