"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы – "Қала маңы тасымалы" басшыларының бірін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылғы қыркүйек пен осы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Ведомсство өкілдерінің хабарлауынша, алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

20 желтоқсан күні күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

27 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды