Украина халқы электр жарығынсыз қалды

Сурет: pixabay
Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, бейсенбідегі Ресейдің әуе шабуылдарынан кейін электр жарығы өшті.

Жағдай әсіресе, ел астанасында, Львов, Одесса мен Херсонда, Киев, Винница мен ЗакарПатье облыстарында күрделі. Украина әскерилерінің дерегінше, бір күнде Ресей ел аумағына 70-ке жуық зымыран жіберген, деп жазады qazaqstan.tv.

Олардың 54-і атып құлатылды. Әуе дабылы күллі ел аумағында, соның ішінде Киевте 5 сағат бойы дамылсыз іске қосылған. Ресей әскерилері Украинаның энергетикалық жүйесіне қазанның онынан бері үздіксіз соққы беріп жатыр. Шабуылдар қақаған кыста миллиондаған адамды жарықсыз, жылу мен сусыз қалдырды. Зеленский тағы бір сөзінде Ресей жаңа жылға дейін Донецк облысын басып алу идеясынан бас тартқан жоқ деп мәлімдеді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды