Еуропаның үш елі Қытай туристеріне шектеу енгізді

Сурет: pixabay
Қытайда коронавирус өршігелі Еуропа елдері осы мемлекеттен келетін туристерге ережені қайта күшейтті. Қарт құрлықта алғашқылардың бірі болып шектеу енгізген Италия мен Испания.

Қос ел Қытайдан табан тірейтін саяхатшылардан ПТР тесттің теріс нәтижесін немесе вакцина сертификатын талап ете бастады, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәл осындай ереже ертеңнен бастап Францияда да күшіне енеді. Аспан асты елінің азаматтары Франция әуежайында қосымша экпресс-тест тапсыруға міндетті. Еуропалық Одақ Қытай үкіметіне індетпен күресуге өз көмегін ұсынды.

ЕуроОдақтың денсаулық сақтау жөніндегі комиссары Кириакидес Қытай билігіне індетпен күресте ЕуроОдақ өз тәжірибесімен бөлісуге және қажетті вакцинаны тегін жіберуге дайын екенін ұсынды.  Тим Макфи, Еуропалық комиссияның ресми өкілі


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды