Қызылорда облысында білім ордаларынан былық шықты

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында білім ордаларынан былық шықты. Аймақтағы сегіз мектептің директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

Алты заңбұзушылық дерек бір ғана Жаңақорған ауданында тіркеліп отыр. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға еңбекақы аударып, құжат бойынша бұрмалап келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім ошақтарына жіті тексеру жүргізілмек.

Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар. Асылхан Ашықов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды