Алматы полицейлері есірткі қойып кетушілерді ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полицейлері тұрғын үйлердің бірінде есірткі қойып кетушілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары олардан 40 бума марихуананы тәркіледі.

Патрульдік экипаж Кемел шағын ауданында екі күдікті жас жігітті байқап қалған. Жеке тінту кезінде олардың бірінен өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Ұсталғандар – 2002 жылы туған К.есімді азамат және 1999 жылғы Ж.есімді азамат. Олар тауарды сату үшін алып, тұрғын үй аумағында бетбелгілер жасағанын айтты. Интернет арқылы олар “жұмыс берушіге” жасалған жұмысы туралы баяндап, суреті мен геолокациясы бар мекенжайды жіберіп отырған, – дейді, Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Жедел қызметкерлер есірткінің сатылу тізбегін және жеткізу арнасын қадағалауы керек.

Тергеу барысында ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды