Украина мен Еуропалық Одақ саммиті өтеді

Сурет: unsplash
Украина екі жылдың ішінде Еуропалық Одақтың құрамына алынуы тиіс. Мұндай жоспарды осы елдің Үкімет жетекшісі Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Зеленский Украина ЕуроОдаққа мүше болуға құқылы екенін айтқан. Былтыр наурыз айында осы жөнінде өтініш ресми тіркелген, деп жазады Zakon.kz.

Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керегін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтқан еді.

Еуропалық одаққа мүше болуға өтініш беру оңай болғанымен, оған қабылдану қиын. Сондықтан Киев бұл бағытта қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Қарулы қақтығыс басталғалы Украина бірнеше рет талпыныс жасады. Ал үшінші ақпанда Киевте Украина мен ЕуроОдақ саммиті жоспарланып отыр.

Тараптар Украинаның Еуропалық Одаққа кіру мүмкіндіктерін сарапқа салмақ.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды