Украинаның Краматорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге зымыран құлады

Сурет: Украина президентінің ресми интернет үкіметі
Украинаның Краматорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге зымыран құлап, 3 адам қаза тапты, 20 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Шабуылға ұшыраған үйдің тұрғындары уақытша жергілікті мектепке көшірілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал "Би-Би-Си"-дің хабарлауынша, Донецк облысында қиянкесі шабуыл жүріп жатыр.

Ресей күштері Бахмут төңірегінде Украина армиясының сол жақ шебін ығыстырып, Угледар қаласына шабуылды күшейтті. АҚШ, Германия мен Британия бастаған елдер Киевке әскери көмек жеткізе бастады.

Ал Кремль болса, Батыстың қару-жарағы қақтығысты өршітеді, дегенмен оның бағытын өзгерте алмайды деп мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды