Түркияда өткен Еуразия Кубогы додасында ақмолалық спортшылар ерекше көзге түсті

Сурет: Ақмола облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
Түркияда асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия Кубогы үшін тартысты дода өз мәресіне жетті. Ақмолалықтар халықаралық жарыстарда тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия Кубогына Қырғызстан, Чехия, Германия, Румыния, Қазақстан және Түркия спортшылары өзара бақ сынады. Қазақстан құрама командасының құрамында Ақмола облысының спортшылары да өнер көрсетті. Асық атудан Еркебай Сәрсеков пен Тимур Әбілов чемпион атанды. Ал Думан Көгершін Бес асықтан жарыста күміс медаль жеңіп алды, - дейді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Самат Әукеновтың айтуынша, қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды