Үйінді астынан табылған 16 сәби Ердоғанның ұшағымен ел астанасына жеткізілді

Сурет: Twitter/EmineErdogan
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен Кахраманмараш қаласында үйінді астынан табылған 16 нәресте Анкараға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

New.sky жариялаған материалда балалар ел астанасындағы ауруханалардың біріне Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұшағымен жеткізілгені айтылған. 

Сонымен қатар, Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған Twitter-деге парақшасында сәбилерді тасымалдау кезінен түсірілген фотосуреттерді жариялады.

Барлық балалар ата-анасынан айырылған. 


Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты.

6 ақпанда Түркияда алапат зілзала болды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды