Қазақстан құтқарушылары үйінді астынан тағы үш адамды аман алып шықты

Сурет: видеодан скриншот
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Газиантеп провинциясының Нұрдағы қаласында үйінді астынан тірі үш адамды алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының екінші эшелоны Түркияға келгеннен бері тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Екінші эшелонды іздестіру орны Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі Нұрдағы қаласындағы толығымен қираған ғимарат болды.


Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жағдайын анықтау,  үйінді астында зардап шеккендермен дыбыстық байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша бір мезгілде жұмыс жүргізді.

Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдікте үйінді астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін құтқару жолын ұйымдастыру бойынша жедел және сауатты іс-қимылдар жасалды. Сондай-ақ зардап шеккендерді шығару кезінде шапшан қабылданған шаралардың арқасында түнде үйінді астынан тағы 3 адамды құтқару мүмкін болды. Көлемі 18 мың м3 астам жерден, ер адам мен екі әйел шығарылды.

Адамдарға дереу медициналық көмек көрсетілді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды