Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Кезекті қару жасырылған орынды 2023 жылғы 12 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі Benelli Argo-E карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі SM Action газ тапаншасы табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастырып жатыр, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды