Алматыда бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша наурызда алғашқы азық-түлік өнімдерін жеткізу басталады. Бұл туралы халықпен кездесуінде шаһар әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мақсатқа 15 млрд теңге бөлінді. Оның сөзінше, аталған бағыттағы жұмыстар былтыр басталған.

Бүгінде қалаға жеткізілетін көкөністердің 75 пайызын қамтып отырған Алтын Орда базарынан бөлек көтерме саудамен айналысатын жеткізушілер пайда болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Олармен мегаполистегі ірі сауда орындары тікелей жұмыс істеп, баға төмендеген.

Одан бөлек «Ақсу» қант зауытымен әкімдік арасында 2,6 млрд теңгеге келісім жасалған.

Сондықтан биыл оның құны қымбаттамайды. Нан бағасын бірқалыпта ұстау үшін де жергілікті бюджет есебінен субсидия қарастырылған.

Ерболат Досаев азық-түлікке жатпайтын тауарлардың да бағасы бақылауға алынғанын жеткізді.

"Өкінішке қарай, халық тұтытатын, азық түліктік емес тауарлардың бағасы өсуде - бұл факт. Геосаяси жағдайға байланысты көлік логистикасы бұзылды, бірақ бірте-бірте біздің компаниялар түрлі жолдарды іздеп жатыр, жаңа жеткізушілер пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпкерлерді тартамыз. " Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды