Еліміздің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды

Сурет: pixabay
Сағат 19:05 ақпаратқа сәйкес,еліміздің 4 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;

2. Ақмола облысында Щучье-Зеренді тасжолы және Атбасар қаласы мен Қажымұқан кентінің арасы жабық.

3. Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді.

4. Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.

Синоптиктер 3 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтілетінін болжам, ескерту жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Қарағанды
Өскемен
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды