Солтүстік Қазақстан облысында 35 адамнан тұратын отбасы дауыс берді

Сурет: СҚО әкімінің баспасөз қызметі
Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында 30-дан астам жақын туыстары сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Үсен Худайбергеновтің отбасы еліміздің солтүстігіне Өзбекстаннан 10 жылдан астам уақыт бұрын көшіп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл тұрғындары сайлауға балаларымен келді. Бір ерекшелігі барлығы ұлттық киім киіп келген.


"Бұл біз үшін өте маңызды күн. Біз мерекеге келгендей, киініп келдік. Мұнда климат суық, бірақ жанымызда жылулық бар. Бұл біздің тарихи Отанымыз және біз өте қуаныштымыз. Біз Қазақстанның болашағына сендік, сенеміз және сене береміз", - дейді отбасы өкілі Гүлжанат Төлебаева.

Қызылжар ауданында 62 сайлау учаскесі бар. Ауданның 31579 тұрғыны дауыс беруге құқылы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды