Супермарафоншы Марат Жыланбаев екі айға қамауға алынды

Сурет: Facebook/marat.zhilanbaev
Астанада белсенді және супермарафоншы Марат Жыланбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Марат Жыланбаев 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды ​​облысында дүниеге келген. Ол – планетадағы ең үлкен шөлдерді – Азия, Африка, Австралия және Американы жүгіріп өткен жалғыз адам. Әрбір жүгіру қашығы кемінде 1200 км. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Ол Гиннестің рекордтар кітабына марафон жүгіруден 7- әлемдік рекордты орнатып енген.

Ол сонымен қатар - тіркелмеген оппозициялық партияның жетекшісі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды