Танымал фотограф Париждің орталығында үсіп өлді

Сурет: pixabay
Париждің орталығында әйгілі фотограф Рене Робер өтіп бара жатқан адамдардың немқұрайдылығынан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Француздық әйгілі фотограф Париждің орталығындағы көшеде қайтыс болды. Оған сегіз сағат бойы ешкім көмекке келмеген.

Оқиға 19 қаңтарда болған. 84 жастағы Рене Робер Турбиго көшесіндегі үйінен серуендеуге шығып, аяғы тайып жығылған күйі суыққа тоңып көз жұмған.

Ал көше бойындағы адамдар қарт суретшіге қол ұшын беруге асықпаған.

Айта кетейік, Рене Робер тауға өрмелеу сияқты спорт түрімен шұғылданып қоймай, шыңдарды ешбір фильтрсіз суретке түсірумен әуестенген шебер фотограф болған. Оның суреттерін Батыстың танымал журналдары әркез қыруар ақшаға сатып алып отырған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді