Байден Украинаға байланысты ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

Сурет: pixabay
Байден Украинадағы құбылмалы жағдайды қадағалап отыр. Оған ұлттық қауіпсіздік бойынша мамандар мұндағы оқиғалардың қалай өрбіп жатқанын үнемі баяндап отырады, деп хабарлайды Zakon.kz

20 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жағдайға қатысты Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын шақырады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәлімдемесінде айтылады.

Ақ үйдің өкілі "Байден Украинадағы құбылмалы жағдайды қадағалап отыр, оған ұлттық қауіпсіздік бойынша мамандар мұндағы оқиғалардың қалай өрбіп жатқанын үнемі баяндап отырады " деп атап өтті.

Құжатта 19 ақпанда Байденге вице-президент Камала Харристің Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Германия канцлері Олаф Шольцпен, НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен, Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен, Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен, сондай-ақ Балтық елдерінің көшбасшыларымен өткізген кездесулерінің нәтижелері туралы хабарланғаны айтылады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер