Ресей делегациясы украиндықтармен келіссөз жүргізу үшін Беларуське жетіп алды

Сурет: pixabay
Ресей делегациясы құрамында СІМ, Қорғаныс министрлігі және өзге құзырлы ведомства өкілдері де бар, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресей делегациясы украиндықтармен келіссөздер жүргізу үшін Беларуське келіп алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, делегация құрамында СІМ, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен өзге де ведомстволар мен Президент әкімшілігінің өкілдері де бар.

Гомельде келіссөз жүргізуге дайынбыз. Дмитрий Песков

Украина тарапы келіссөздер жүргізуге әзір екенін жеткізді. Алайда Владимир Зеленский басқосуды өткізетін алаң ретінде Беларусьтің таңдалуына қарсы. Өйткені бұл елдің аумағынан Украинаға зымырандар ұшырылады дейді. Сондықтан Владимир Зеленский келіссөзді өзге елде өткізуді ұсынып отыр.  

Келіссөздер жүргізіп, соғыстың аяқталғанын қалайтынын айтқан Владимир Зеленский келіссөздер жүргізу үшін Ресей тарапына Варшава, Братислава, Будапешт, Ыстамбұл, Баку секілді орындарды ұсынды. Оның пікірінше, тек сол кезде ғана келіссөздер әділ болуы мүмкін. Осыдан кейін онымен байланыс ажыраған.

Ресей
Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты