Иранда көпқабатты ғимарат күл-талқан болды. Қиранды астында қалып кеткен адам көп

Сурет: twitter/_hamedsetareh
Иранның Абадан қаласында 10 қабатты ғимарат опырылып құлады. Қирандының астында шамамен 80 адам болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fars агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылардың соңғы мәліметтері бойынша, оқыс оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, тағы 27 адам жарақат алды.

Сондай-ақ, провинция губернаторы басқармасы таоартқан мәліметке сүйенсек, аталған апатты жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, өйткені құлаған ғимарат қаладағы тығыз орналасқан көпқабатты тұрғын-үйлер арасында болған.

"Құтқару операциясы көрші ғимараттың да әрең тұрғандығына байланысты қиынға соғуда, ол да құлап кетуі мүмкін", – деді Қызыл жарты айдың жергілікті қоғамы.

Қазіргі уақытта оқиға орнында бірнеше құтқару және өрт сөндіру бөлімшелері, сондай-ақ дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Билік іздестіру жұмыстарына тағы 50-ге жуық құтқарушылар тобын, сондай-ақ зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялау үшін тікұшақты да жұмылдырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды