Диана ханшайым айдаған көлік қомақты қаржыға сатылды

Сурет: pixabay
Диана ханшайымның Ford Escort көлігі Ұлыбританиядағы аукционда 724 500 фунт стерлингке сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл көлікті 1985-1988 жылдар аралығында айдаған, деп жазды Euronews басылымы.

Әдетте бұл модель ақ түсте ғана шығарылып келген, алайда ханшайымның өтінішімен бір данасы қара түске боялған. Диана ханшайым елдің көзіне түспеу үшін әдейі қара түсті таңдаған.

Еске салсақ, 1997 жылы 31 тамызда Диана Парижде жол апатынан қайтыс болды. Жыл сайын осы күні жанкүйерлері сүйікті ханшайымын еске алуды әдетке айналдырған.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды