Иран Қызыл теңізде АҚШ-тың сырттан басқарылатын екі кемесін қолға түсірді

Сурет: pixabay
Иран Әскери-теңіз күштері Қызыл теңізде АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 5-ші флотына тиесілі сырттан басқарылатын екі жүзу аппаратын қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

IRIB телерадио корпорациясы Иранның "Джамаран" әскери кемесінің палубасынан түсірілген видеоны жариялады. Видеода құтқару күртешесін киген флотта қызмет ететін әскери қызметкерлердің Saildrone Explorer дрондарын тексеріп жатқанын көруге болады.

Иран әскери күштері АҚШ-тың жүзу құралдарына соғылу ықтималдылығы жайында екі рет ескерту хабарламасын жолдаған, содан кейін оқыс оқиғадан аулақ болу үшін екі жүзу құралын өз назарларына алған.

Иран тарапы сырттай басқарылатын аппараттарды қауіпсіз аймаққа тастап, ол жайынан американдықтарды құлағдар етті.

ТАСС мәліметінше, АҚШ Әскери-теңіз күштері Қызыл теңізде америкалық дрондардың қолға түскенін растады. Бұл туралы ақпаратты аты-жөнін атамаған американлық бесінші флоттың өкілі жеткізген.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі камераға түсіп қалды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды