Трамп АҚШ президенттігіне кандидат болуға өтініш берді

Сурет: Instagram/realdonaldtrump
Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп АҚШ президенттігіне кандидатурасын ұсынуға өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатты Федералдық сайлау комиссиясы жариялады, деп жазды РИА Новости. Демек, Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелді.

8 қарашада саясаткер "маңызды хабарландыру" айтатынын, оны 15 қарашада Флоридадағы резиденциясында жариялайтынын мәлімдеген еді.

Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының 45-президенті болды. Ол бұл қызметті 2017 жылғы 20 қаңтардан 2021 жылғы 20 қаңтарға дейін атқарды.

АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылғы қарашада өтеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді