Калифорнияда кроссовер 25 полицейді қағып кетті

Сурет: видеодан скриншот
Американың Лос-Анджелес қаласында Honda CR-V көлігі таңертең жүгіріп келе жатқан полиция қызметкерлерін қағып өтті. Салдарынан 25 адам зардап шекті, бесеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік рөлінде 22 жастағы жігіт болған. Полиция капитаны Чарли Сэмпсонның айтуынша, күдікті Миллс-авенюмен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, топ болып жүгіріп келе жатқан полиция қызметкерлерін қағып өткен, деп жазды FOX 11.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Барлығы 25 адам зардап шекті: 16-сы жеңіл, 4-еуі орташа, 5-еуі ауыр жарақат алды.

Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Оның аты-жөні жарияланған жоқ. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол көлікпен жұмысқа бара жатқан. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр.

Жол-көлік оқиғасы болған сәт бейнебақылау камерасына жазылған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды