Әуелі айыппұл салынған: Шымкентте сегіз жасар қызға тиіскен ер адамға жаза күшейтілді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 09:12 Фото: Zakon.kz
Шымкентте сегіз жасар қызға тиіскен 56 жастағы ер адамға қатысты іс қайта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, оқиға маусым айында болған. Ер адам подъезде қызға тиісіп, оны сүйіп, өз үйіне алып кетуге тырысқан. Қыз қашып құтылған.

Бастапқыда сот ер адамға 216 мың теңге айыппұл салған. Алайда үш айдан кейін іс қайта қаралып, оған жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


"Жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян үшін үш миллион теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Талғарда балаға тиіскен ер адамның ұсталғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: