Астанада электрондық жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті

Астананың Сарайшық ауданында электрондық жүйесі істен шыққан кроссовер Есіл өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 09:46 Сурет: Астана қаласының ТЖД
Астананың Сарайшық ауданында электрондық жүйесі істен шыққан кроссовер Есіл өзеніне түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда Төтенше жағдайлар департаментінің 23 қыркүйектегі мәліметінше, жүргізуші мен жолаушы көліктен өз бетімен шығып үлгерген. Ал көлікті судан шығару үшін құтқарушылар шақырылған.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы келді. Сүңгуірлер су астындағы жағдайды тексергеннен кейін көлік кранның көмегімен өзеннен шығарылды", – деп хабарлады департамент.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел көмегі үшін алғыс айтты.

Бұған дейін Алматыда Медеу маңында таудан түсіп келе жатқан жастар аюдың ақырғанына ұқсас дыбыс естіп, жолын жалғастыруға батпаған. Оларға құтқарушылар көмекке келген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: