Дональд Трамп АҚШ өкілдер палатасының спикерлігіне кандидат ретінде ұсынылды

Сурет: pixabay
АҚШ-тың республикашыл конгрессмені Мэтт Гетц өкілдер палатасының спикерлігіне АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мэтт Гетц Трамптың тұсында АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясаты табысты болғанына сендірді, деп мәлімдеді CBS.

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы жетінші рет және үшінші күн қатарынан спикер сайлау ісімен айналысып, жұмысқа кірісе алмаған еді.

Конгрессмендер жаңа спикер сайланбайынша ант беріп, өз міндеттеріне кірісе алмайды. Өкілдер палатасының спикері қызметі АҚШ үкіметінің иерархиясындағы үшінші маңызды лауазым болып саналады.



АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма - сарапшы

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады