Қазақстанның Стамбулдағы консулдығы азаматтардың дерегін жинап жатыр

Қазақстанның Стамбулдағы консулдығы азаматтардың есебін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Консулдық бұл есеп төтенше жағдай кезінде Қазақстан азаматтарымен шұғыл байланысу мақсатында жасалып отырғанын түсіндірді.

"ҚР Стамбулдағы Бас консулдығы өзіне қарасты консулдық окгургтің аумағында (Айдын, Балыкесир, Бартын, Бурса, Дүзже, Зонгулдак, Едирне, Измир, Кыркларели, Кожаели, Кастамону, Маниса, Сакарья, Синоп, Текирдағ, Стамбул, Чанаккале, Ялова) тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазақстан Республикасы азаматтарының есептік деректері тек азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатынынана назар аударамыз. Атап айтқанда, болу елінде қандай да бір төтенше жағдай туындайтын болса, Қазақстан Республикасы азаматтарының орналасқан жері туралы мәліметтер олармен шұғыл байланыс орнатуға және одан әрі іс-қимыл мәселелерін шешуге мүмкіндік береді", - делінген жазбада.

Осыған байланысты консулдық есепке тіркелу мақсатында сілтеме арқылы тиісті сауалнаманы толтыруды сұраған.


Қазақстан Түркия
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: