Шекара қызметі шекарадағы даулы аймақтар мәселесіне қатысты пікір білдірді

Сурет: gov.kz
16 ақпанда сенат отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мемлекеттік шекарада даулы учаскелердің бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттік шекарада даулы учаскелер жоқ. Қытаймен мемлекеттік шекара мәселесі толығымен жабылды. Қырғызстанмен ол жабық. Бізде Түркіменстан мәселесі әлі бар, яғни ратификация ғана қалды, барлық мәселе шешілген. Қазір Өзбекстанмен және Ресеймен мәселе – тек таулы бағыты бар Шығыс Қазақстан облысы ғана".Ерлан Алдажұманов

Спикер тиісті жұмыстар құзырлы органдар тарапынан жүргізіліп жатқанына сендірді.

"Ол жерде (Ресеймен – ред.) Шығыс Қазақстан облысының таулары шығатын шағын аумақ қалды. Мәселе мынада, демаркация жүріп жатқанда екі жұмыс кезеңі болады. Біріншісі - теориялық. Ол емлекеттік шекараға қол қойылған кезде жазбаша түрде болады. Ал екінші кезең – практикалық. Ол пункттер мемлекеттік шекара сызығының қай жерден өтетінін анықтаған кезде болады. Климат жағдайын, ауа райын, жер бедерін ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Былтыр Шемонаиха ауданында аяқталды, одан кейін Семей учаскесінде аяқталды, ал Шығыс Қазақстан облысында жұмыс болып жатыр. Одан кейін 50%-ы қалды, оның ұзындығы 300 шақырымдай. Жұмыс жүріп жатыр".Ерлан Алдажұманов

Қазақстан мен Қырғызстан шекара өкілдерінің қызмет бағыттарын шешті.





Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты