- Поляк фермерлері өз еліне украин астығының жаппай жеткізілуіне наразылық білдірді. Соның белгісі ретінде олар Дорохускадағы поляк-украин шекарасының өткелін басып өтетін жолдарды жауып тастады. Блокада екі күн бойына жалғаспақ.
- Франциядағы пленарлық сессияда Еуропалық Парламент депутаттары ЕО елдерін Украинаға "қару-жарақтың барлық түрлерін", соның ішінде әскери ұшақтарды, тікұшақтарды және зымыран жүйелерін жеткізуді жеделдетуге шақырған қарарды қабылдады.
- Украинаның Черкасск, Кировоград және Николаев облыстарында әуе дабылы жарияланды. Бұл деректер Цифрлық трансформация министрлігінің онлайн-картасынан алынды.
- Беларусь Президенті Александр Лукашенко Финляндия мен Швецияның НАТО-ға өтуі Ресейге қауіп төндірмейді деп санайды.
- Сонымен қатар Лукашенко: "Ресейліктермен бірге Беларусь территориясында тек бір жағдайда ғана соғысуға дайынмын: егер сол жақтан Беларусь территориясына кем дегенде бір сарбаз келіп, менің адамдарымды өлтіретін болса", - деді.
- Франция Премьер-министрі Элизабет Борн Брюссельдегі Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенмен болған бірлескен баспасөз мәслихатында Еуропалық Одақтың Украинаға көмегі әскери, экономикалық және гуманитарлық тұрғыдан маңызды болып табылады деп мәлімдеді.
- Лукашенко Меркель мен Олландты Минск келісімдеріне қол қоямын дегенді желеу етіп, уақытты созды деп айыптады. Оның айтуынша, Минск келісімдерінде "алдап-арбау болған жоқ", ал Олланд пен Меркельдің керісінше айтқан сөздері тренд десе де болады.
- Швецияның Украинаға жолдамақ жаңа көмек пакетіне 51 BMP, САУ Archer, сондай-ақ танкке қарсы қару-жарақ кіреді, деп мәлімдеді елдің Премьер-министрі.
- АҚШ-тың Украинаның жаңа бюджетін қолдауы 9,9 миллиард долларды құрайды, деп хабарлады Мемлекеттік департаменттегілер.
- Нидерланды Украинаға Leopard 2 неміс танктеріне қажетті 20 мың оқ-дәріні жеткізеді, - деді Нидерланды Қорғаныс министрі Кайса Оллонгрен.
- Молдованың солтүстігінде ел шекарашылары зымыран қалдықтарын тапты, деп хабарлады ІІМ. Оның кімге тиесілі екені белгісіз.
- Сәрсенбіде ЕО елшілері Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін талқылап, өзара келісе алмады. Келіспеушіліктер, атап айтқанда, ресейлік каучукке байланысты туындады, деп жазады Politico.
- Израиль СІМ басшысы Эли Коэн бейсенбіде Киевтегі әріптесі Дмитрий Кулебамен кездесіп, Израиль Украинаға зымыран шабуылын ертерек ескертетін ақылды жүйені жасауға көмектесетінін айтты, деп жазады The Times of Israel газеті.