Оның айтуынша, апат аймағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жексенбі, 19 ақпанда аяқтау жоспарланған.
"Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстарына шамамен 13 мыңға жуық адам тартылған. Шетелден көмекке келгендерге шын жүректен алғыс айтқым келеді. 80 елден келген құтқарушылардың бір бөлігі еліне оралды", - деп Анадолы агенттігі AFAD басшысының сөзін келтіреді.
AFAD басшысы тек өзі басшылық ететін басқарма желісі арқылы апат аймағынан 430 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын атап өтті.
Айта кетсек, бүгін түнде Газиантеп қаласындағы қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралды. ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Алматы әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.