Түркияда құлаған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 247 адам қамауға алынды

Сурет: Twitter/AFADBaskanlik
Прокуратураның шешімімен құрылысқа қатысы бар деген күдікпен барлығы 997 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

997 адамның 247-сі қамауға алынып, 322 күдікті сот бақылауына алынды, деп жазды Anadolu.

Сонымен қатар 198 күдіктіге қатысты қамауға алу санкциялары шығарылып, 102 адам ұсталды.

Түркияда 6 ақпан күні таңертең болған жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Полицейлердің мәліметінше, 564 адам жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үй салу нормаларын бұзды деген күдікке ілінген. Олардың 160-ы қамауға алынды. Күдіктілердің кейбірі әлі іздеуде.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды