Джо Байден банк дағдарысына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады

Сурет: Іnstagram/joebiden
АҚШ Президенті Джо Байден 13 наурызда банк дағдарысына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Президенті Джо Байден Америка азаматтарын АҚШ банк жүйесіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіреді. 

АҚШ Президенті барлық депозиттер кез келген жағдайда қолжетімді екенін және банкрот банктердің басшылары жұмыстан шығарылатынын айтты.

"Америкалықтар АҚШ-тың банк жүйесінің қауіпсіздігі үшін еш алаңдамаса болады. Ал банкротқа ұшыраған банктердің басшылығы жұмыстан шығарылады", - деді Джо Байден банк дағдарысына байланысты жасаған шұғыл мәлімдемесінде.

Байден орын алған мәселеге байланысты салық төлеушілер шығынға ұшырамайтынын да жеткізді. 

Бұған дейін АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі - Silicon Valley Bank, сондай-ақ Signature bank банкроттыққа ұшырағаны белгілі болды.

Сондай-ақ АҚШ-тың реттеуші органы банкроттық салдарының алдын алу үшін Силикон алқабындағы банктің барлық салымшыларын қорғайтыны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты