БАҚ: Джо Байден екінші рет сайлауға түспекші

Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ Президенті Джо Байден екінші рет сайлауға түспекші, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы көшбасшының осындай шешімімен танысқан дереккөздерге сілтеме жасай отырып, NBC News хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Ақ үйдің бас кеңесшілері Джо Байденді қайта сайлау науқанын бастау туралы түпкілікті шешім қабылдағалы жатыр, егер үміткердің өзі 2024 жылғы жоспарын жария етуге ниетті емес болса да.

Байденнің сайлауға түскелі жатқандығын ресми түрде жариялауға құлықсыздығы бірқатар факторларға байланысты көрінеді: Демократиялық партия қатарында мықты бәсекелестің болмауы, бүгінгі таңда  Дональд Трампқа қарсы сот ісіне жұрт назарының аууы және бюджет шығындары бойынша Конгрессте республикашылармен "шайқастың" жақындап қалуы.

Айта кетсек, АҚШ-тағы президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Ол кезде Байден 82 жаста болады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды