Өзбекстандық жігіт ұрлаған көлігін ұнатпай, металл қабылдайтын жерге өткізіп жіберген

Сурет: pixabay
Ташкент облысында ВАЗ-2101 көлігін айдап кеткен ұрлықшы көлікті ұнатпай, металл қабылдайтын жерге сатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 наурызға қараған түні белгісіз біреу Юкоришыршық ауданының 69 жастағы тұрғынына тиесілі "ВАЗ-2101" автокөлігін айдап кеткен. Үйдің жанында тұрған көліктің есігі ашық, кілті ішінде болған, деп жазды "Подробно" басылымы.

Полицейлер күдіктіні анықтады, 20 жастағы күдікті қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, ол нөмірді шешіп, көлікті 2 миллион сумға (79 500 теңге) металл түрінде сатқан. Тексеру кезінде көлік бөлшектелген күйде табылды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі