Сербияда мектептегі қанды қырғынға байланысты аза тұту күні жарияланды

Сурет: pixabay
Сербияның Білім министрі Бранко Ружич Белград мектебіндегі қанды оқиғаға байланысты елде үш күндік аза тұту күні жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, РИА Новости мәліметінше, 3 мамырда екінші ауысымдағы сабақтар толықтай тоқтатылған. 

"Бүгін екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, ертең үнсіздік сақтау шарасынан ары қарай оқу жалғасады", – деді министр.

Бұған дейін Белградтың орталығында мектепте қанды қырғын жасаған 14 жасар баланы полиция ұстағаны хабарланған болатын. БАҚ келтірген мәліметтерге сәйкес, ұсталған жасөспірім үлгілі оқушы болған. Қарулы шабуыл есірткінің әсерінен жасалған деген болжам қарастырылуда.

Қаза тапқандар саны тоғыз адам екені белгілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді