Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру келісімін сенат мақұлдады

Сенат отырысында "Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңы талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуын кеңейтуге және өңірдегі жедел экономикалық өсу үшін бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндіктер алуға бағытталған.

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институты 2015 жылғы 15 наурызда Үрімші қаласында 2014 жылғы 6 қарашадағы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасының 13-ші Министрлік Конференциясының шешімі негізінде ресми түрде ашылды.

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтына мүшелік жарнаның көлемі ерікті болып табылатынын және дауыс беру құқығына ешқандай әсер етпейтінін атап өту маңызды. Барлық шешімдерді басқарушы кеңес барлық қатысушы елдердің консенсусы негізінде қабылдайды.

"Сонымен қатар аталған институтқа мүше елдер кез келген уақытта депозитарийге жазбаша хабарлама тапсыру арқылы Институт құрамынан өз қалауы бойынша шыға алады. Тұтастай алғанда, Заңның қабылдануы Қазақстанға ғылыми жобаларды іске асыруға, мүше мемлекеттердің өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысуын кеңейтуге және олардың әлеуетін жақсартуға бағытталған институттың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді", - делінген сенатор Бауыржан Қаниевтың ақпаратында.

Сонымен қатар Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының Қазақстан Республикасында филиалын құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жергілікті ғылыми әлеует деңгейін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, бизнес-туризмді дамытуға әкеледі.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: