Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Сурет: kremlin.ru
Ресей Федерациясы мен Беларусь елінің президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беларусь Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған belta.by қос елдің басшысының телефонмен арадағы әңгімесі 24 маусымда таңертең болғанын хабарлайды.

"Ресей Президенті бүгін таңертең Беларусь Президентіне қоңырау шалып, телефон арқылы сөйлесті. Владимир Путин беларуссиялық әріптесін Ресейдегі жағдайдан хабардар етті", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағы сарбаздар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламадан кейін белгілі болды.

Мәскеу қаласында, Мәскеу және Воронеж облыстары территориясында ықтимал террористік актілердің жолын кесу үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы ресейлік Ұлттық терроризмге қарсы комитеті мәлімдеді.

Ресей армиясының генералы "Вагнер" ЖӘК басшылығы мен жауынгерлерін сабырға шақырды.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК-тің шабуыл жасағы жауынгерлеріне жүгініп, оларды алдап, Пригожиннің қылмыстық авантюрасына және қарулы көтеріліске тартқанын мәлімдеді.

Көп ұзамай Владимир Путин үндеу жасады. Ол елді қорғау үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

Беларусь
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс