Алматы әуежайында Мұхтар Әблязовтың сыбайласы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Мұхтар Әблязовтің ағасы Қуаныш Нұрғазин Алматы әуежайында ұсталды. Ол өз еркімен Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол - Әблязов басқаратын "BSC" ЖШС-ның номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған.

"Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған. 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған. Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді. 24 шілдеде паспорт бақылауынан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті.

Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды