АҚШ-та ұрлықшы аю "ұсталды"

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Калифорния штатында Хэнк Танк деген қара аю мен оның үш қонжығы "ұсталды". Адам тамағына құмар жануар тұрғын үйлерге бірнеше рет басып кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Daily News газетінің жазуынша, Калифорниядағы жеке үйлерге бірнеше рет басып кіргеннен кейін Хэнк Танк деген қара ұрғашы аю "ұсталған". Тұрғындар басында оны еркек аю деп ойлаған екен. Ол Тахо көлінің жағасындағы жеке үйлердің иелерін бір жарым жыл бойы қорқытып келген.

Калифорнияның жабайы табиғат және балық шаруашылығы департаментінің мәліметі бойынша, аю кем дегенде 21 үйге басып кіру және жеке меншікке мүлкіне елеулі зиян келтіргені үшін жауапты. Оның "қылмысқа" қатысы барын ДНҚ тестілері растады. Үйден аю тамақ іздеген: адамның тамағына құмартқаны сонша, одан қорқуды қойған, сол себепті де жергілікті тұрғындарға қауіп төндіре бастаған. Ұсталған кезде аюдың салмағы шамамен 227 келі болған.

Хэнк-Танкпен бірге оның үш қонжығы ұсталды. Олар жабайы жануарларды сауықтыру орталығына орналастырылды, сонан соң қорықта еркіне қоя бермек. Мамандар қонжықтар жабайы табиғатқа сәтті сіңісіп, "енесінен үйренген жаман қылықтарын" көрсетпейді деп үміттеніп отыр. Ал ұры аю қазір бостандыққа жіберілмейді. Оны ветеринарлар тексереді, содан кейін ол Колорадодағы жабайы жануарларды ұстау орталығына жіберіледі.

Иракта аю ұшақта жәшіктен шығып кетті.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды