Қытай жастары жұмыстан шығып, белгісіздікке қарай демалыс алып жатыр

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қытайда кең тараған жастардың еңбекке, оқуға деген көзқарасы, яғни өмір сүру үшін минимумға ұмтылуы енді демалу саласына да жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай тілінде tan ping деген атпен белгілі тәжірибе кейінгі жылдары Қытайдың әлеуметтік желілерінде танымал болды. Өйткені жас қытайлықтар қажырлы еңбек арқылы табысқа жетуді емес,  өз күнкөрісін ғана қанағаттандыру үшін аз жұмыс істегісі келеді. Бұл туралы SCMP жазды.

Демалыстағы бұл әрекет саяхатқа шыққан жастардың маршруты мен белгіленген бағытының жоқ болуымен, толық демалу үшін кез келген жерде тоқтауымен сипатталады.

Qunar онлайн туристік платформасы дайындаған "Еңбек күні" туризмінің тенденциялары есебіне сәйкес, "жатып демалу" 2023 жылғы ең жақсы 10 саяхат трендінің біріне айналды.

Бұл терминді желіде іздеу саны алты есеге өсті.

Басқа тоғыз саяхат тенденцияларына храмдарға бару, өнер көрмелері мен музыка фестивальдері, хайуанаттар бағында жануарлармен жақынырақ танысу кіреді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірінше, "жатып демалу" құбылысы жай ғана "ұйықтау орнын ауыстыру".

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды