Қазақы тазы алғаш рет Женевадағы халықаралық көрмеге барады

Сурет: ҚР президенті іс басқармасы
Екі тазы ит Астанадан Женеваға жол тартты. Олар 23-27 тамызда Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас ассамблеясы аясында өтетін ең беделді иттер шоуы – World Dog Show-2023 көрмесінде Қазақстанның атынан шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президенті іс басқармасының хабарлауынша, тазы алғаш рет тәуелсіз тұқым ретінде Еуропалық Одақ аумағында өтетін көрмеге қатысады. Олардың әлемдік беделді көрмеге қатысуы Қазақстан кинологтар одағының еңбегінің арқасы.

"Біз 2023 жылдың сәуір-мамыр айларында Бельгияда бірқатар келіссөз жүргіздік. КБК өтініші бойынша алғаш рет Қазақ тазы тұқымы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тұқымдарының номенклатуралық тізіміне енді. Содан кейін біз Дүниежүзілік иттер көрмесі-2023 ұйымдастырушылары ретінде швейцариялық тарапқа жүгіндік. Олардың біздің ұсынысымызды қолдап, тұқымды алдағы чемпионатқа жібергеніне өте қуаныштымыз", - деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.

FCI Бас ассамблеясының отырысында Қазақстан кинологтар одағының Халықаралық кинологиялық федерацияға толыққанды мүшелігі туралы мәселе де қаралады.

2022 жылы мемлекет басшысы қазақтың тазы және төбет тұқымдарын қалпына келтіру және консервациялау, оларды қазақы ит тұқымдары ретінде халықаралық деңгейде тану мәселелерін шешуді тапсырды. Ол үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған