Женевада өткен әлем чемпионатында 2 қазақы тазы ең жоғары атаққа ие болды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы Дүниежүзілік иттер көрмесінде қазақтың "Тазы" тұқымды екі иті ең жоғары нәтижеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұмар есімді ит "Үздік тұқым" және "Женевадағы әлем чемпионатының жеңімпазы" (Geneva World Cup Winner) деп танылды.

Қазақстаннан екінші қатысушы – Вангелия – "Қарсы жыныстың үздік өкілі" және "Женевадағы әлем чемпионатының үздік ардагері" (Geneva World Cup Veteran Winner) атақтарын жеңіп алды. Бұл тазы жарысқа танылмаған тұқымдар тобында (Халықаралық кинологиялық федерацияның 11-ші тобы – FCI) қатысты.

"Менің міндетім мықты және сау тазыны өсіру, олармен барлық халықаралық көрмеге қатысу болды. Осылайша біздің тұқымды әлемнің кез келген жерінде көруге болады", - деді кинолог Елена Хардина.

Швейцарияда қазақы иттердің бәсекелесі ретінде Италияда тұратын, ресейлік питомникте өсірілген Тазы болды.

"World Dog Show 2023 FCI Бас Ассамблеясының отырысы аясында өтті. Онда Қазақстан Кинологтар Одағын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше ретінде енгізу туралы шешім қабылданды. Осылайша ҚКО тазы мен төбетті қазақтың төл тұқымы ретiнде тiркеуге өтініш беру құқығын алды", - делінген ҚР президентінің іс басқармасы хабарламасында.

Бұған дейін мамандар Қазақстанда тазы мен төбеттерді қайта жаңғыртудың қиын екенін айтқан еді.

2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің іс басқармасына қазақтың Тазы және Төбет ит тұқымдарын жаңғырту және сақтауды үйлестіруді тапсырды. Уәкілетті орган Экология және табиғи ресурстар министрлігі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды