Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек келіп жетті

Сурет: freepik
Қызыл Кресттің гуманитарлық жүк тиеген көліктері Таулы Қарабаққа келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гуманитарлық көмек бидай ұны, тұз, құрғақ ашытқы және күнбағыс майын қоса есептегенде 70 тоннаға жуық жүктен тұрады, деп хабарлады Халықаралық Қызыл крест комитеті.

Гуманитарлық жүк Армения мен Таулы Қарабақты байланыстыратын жалғыз жол - Лачинский көлік дәлізі арқылы жеткізілді.

Халықаралық Қызыл крест комитеті қарулы қақтығыс кезінде жараланған 17 адамды медициналық мақсатта эвакуациялағандарын, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен опат болғандардың денесін салатын қаптар жеткізгендерін де айтады.

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта лаңкестікке қарсы операция басталғанын жариялаған болатын. 21 қыркүйекте тараптар оқ атуды доғаруға келісті. 

Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі Әлім Байел Қазақстан Әзірбайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайтынын тағы да растайтынын мәлімдеген болатын. 

Армения
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі