Солтүстік Корея ядролық мәртебесін Конституцияда бекітті

Сурет: pixabay
КХДР Жоғарғы халық жиналысы Конституцияға Солтүстік Кореяның ядролық держава мәртебесін бекітетін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN басылымының жазуынша, Солтүстік Кореяда қабылданған түзетулер мемлекеттің атомдық қару арсеналын ұлғайтуды көздейді және бұдан былай өзін толыққанды ядролық держава санайтынын білдіреді. Түзетулер екі күндік тыңдаудан кейін қабылданды.

CNN бұл шешім бұрын Ким Чен Ын сөз еткен КХДР ұстанымын күшейтетінін атап өтеді: Солтүстік Корея ядролық қаруды "мәңгіге" иемденуге ниетті және Оңтүстік Корея, АҚШ, Батыс елдері талап еткендей, одан бас тартпақ емес.

Солтүстік Корея ядролық сынақтарын соңғы рет 2017 жылы өткізді. 2018 жылы Ким Чен Ын сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздерге қатысты, келіссөз барысында Солтүстік Кореяның атом бомбасын жасаудан бас тарту мүмкіндігі талқыланды, бірақ келісімге қол жеткізілмеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады