Анкарадағы жарылыс: Түркияда арнайы операция кезінде 20 адам ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшылар партиясына қатысы бар деген күдікпен 20 адам ұсталды. Елдің ішкі істер министрі лаңкестікке қарсы операциялар жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияның қауіпсіздік күштері террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшылар партиясына (КЖП) қатысы бар деген күдікпен 20-ға жуық адамды ұстады. Бұл туралы 2023 жылдың 2 қазанында Түркияның Ішкі істер министрі Әли Ерлікая Twitter-де жазды.

"Ыстамбұл мен Қырқларелідегі 26 мекенжай бойынша жүргізілген терроризмге қарсы операциялардың нәтижесінде 20 күдікті ұсталды". Түркияның ішкі істер министрі

1 қазанда Анкара қаласының орталығындағы Түркия ІІМ ғимаратының жанында жарылыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, теракт жасалмақ болған. Түркия ІІМ министрінің айтуынша, Анкарадағы министрлік ғимаратының жанында террористік шабуыл жасалды: лаңкестердің бірі өзін-өзі жарып жіберді, екіншісінің көзі жойылды. Атыс кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алды. Құрбан болғандар жоқ.


Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі