Норвегияда ресейлік көліктердің кіруіне тыйым салатын заң күшіне енді

Сурет: pixabay
Осло Украинадағы әскери қақтығысқа жауап ретінде Ресейде тіркелген көліктердің Норвегияға кіруіне тыйым салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қазанда Норвегияда Ресейде тіркелген жеңіл көліктердің кіруіне тыйым салатын заң күшіне енді. Бұл шара аралық импортқа да тыйым салады, деп жазды Deutshe Welle.

Шектеулер Ресейде тұрақты тұратын Еуропалық Одақ пен Норвегия азаматтарына тиесілі көліктерге жүрмейді.

Шектеу дипломатиялық көліктер мен халықаралық ұйымдарға тиесілі автокөліктерге де қолданылмайды.

Сонымен қатар ресейліктер отбасылық төтенше жағдайларда, мысалы, жерлеуге бару қажет болған жағдайда, Норвегияның Ресей Федерациясымен шекарасын автокөлікпен жүріп өте алады.

Норвегия үкіметі Украинадағы әскери қақтығысқа жауап ретінде Мәскеуге қарсы шектеу шаралары күшейтіліп жатқанын атап өтті.

Норвегия ресейлік тіркеудегі көліктердің кіруіне тыйым салған Ресеймен құрлықтағы шекараны бөлісетін соңғы ел атанды.

Бұған дейін Еуропалық комиссияның түсініктемесіне сілтеме жасай отырып, Эстония, Латвия, Литва, Финляндия және Польша да осындай қадамға барған еді. 2 қазанда оларға Болгария қосылды, ол Еурокомиссияның ұсынысын қолдаған Шенген аймағынан тыс бірінші ел атанды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер