Израиль Газа секторы тұрғындарына тағы 6 сағат уақыт берді

Сурет: freepik
Израиль армиясы Газа секторы тұрғындарына қауіпсіздік мақсатында елдің оңтүстігіне қарай кетуі үшін тағы 6 сағат уақыт берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Израиль армиясының араб тілін жетік білетін өкілі ЦАХАЛ (Израильдың қарулы күштері) Газа тұрғындарына сенбі күні сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін оңтүстік территориядағы екі негізгі жолмен қозғалуларына мүмкіндік беретінін хабарлады, деп жазады Jerusalem Post.

13 қазанда БҰҰ өкілдері Израиль армиясынан 24 сағат ішінде қоршауға алынған Газа секторынан шамамен 1,1 миллион адамды эвакуациялау қажеттілігі туралы ақпарат алды.

БҰҰ мәліметтері бойынша, осы кезеңде ондаған мың адам өз үйлерін тастап, бас сауғалап кеткен. Бұған дейін Газа секторы бойынша қоныс аударған адамдар саны 400 мыңнан асқан болатын. Газа секторында қаза тапқандар саны 1,9 мыңнан асты, 7,7 мың адам жараланды.

Палестинаның ХАМАС қозғалысының өкілдері өз кезегінде Израиль әскері қоршауға алған Газа секторының тұрғындарына үйлерін тастап кетудің қажеті жоқ екенін айтты.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін